P2P-мен жұмыс істеу бойынша кеңестер
P2P — бұл платформаның қорғаныс құралдарын пайдалана отырып, онлайн-ортада пайдаланушылардың активтермен тікелей алмасуына мүмкіндік беретін «қолдан қолға» форматындағы мәмілелер түрі.
P2P-мәмілелерінің көмегімен сіз:
- криптовалютаны сатып, орнына теңге ала аласыз;
- теңге аударып, әмияныңызға криптовалюта ала аласыз.
Айырбастаудың мұндай форматы ыңғайлы әрі икемді, алайда қауіпсіздік мәселелеріне мұқият қарауды талап етеді.
P2P-мен қауіпсіз жұмыс істеу бойынша ұсыныстар
P2P-ді пайдалану жайлы әрі сенімді болуы үшін келесі ережелерді сақтауды ұсынамыз:
- рейтингі жоғары контрагенттерді таңдаңыз (95% және одан жоғары болуы ұсынылады);
- контрагент аккаунтында расталған верификацияның (сәйкестендірудің) бар-жоғына назар аударыңыз;
- теңге банктік картаңызға немесе криптовалюта әмияныңызға нақты түскенге дейін мәміленің аяқталғанын растамаңыз;
- мәмілелерді тек крипто-әмиян платформасының ішінде жүргізіңіз және екінші тараптың сұрауы бойынша бөгде мессенджерлерге өтуден аулақ болыңыз;
- үшінші тұлғаларға жеке құжаттарыңызды, парольдерді, растау кодтарын және басқа да құпия деректерді бермеңіз.
Осы ұсыныстарды сақтау тәуекелдерді азайтуға және P2P-мен жұмысты қауіпсіз әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.
Қарызды рәсімдеу